«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, 9 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнайды. Тұман түсіп, жел күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 2 градусқа дейін нөлден төмен болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында да жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады. Солтүстік Қазақстанда жел екпіні арагідік секундына 23-28 метрге дейін жетеді, облыс орталығында секундына 25 метрге дейін жететін жел соғады. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел соғады.
Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшейеді.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның көп өңірінде жаңбырдың соңынан қар жауып, ауа температурасы төмендейтінін хабарлаған еді.