«Қазгидромет» жаңбырдың соңы қарға ұласатынын ескертті

Алдағы күндері Қазақстанның көп өңірінде жаңбырдың соңы қарға ұласып, ауа температурасы төмендейді.

«Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, батыс тропосфералық ағындары солтүстік-батысқа және солтүстікке тапжылмай, бірақ ақырындап ауысады.

Алдағы үш тәулікте Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік өңірлерінен жылжитын арктикалық фронттардың ықпалымен республиканың көптеген облысында жаңбыр жауады, кейде қарға ауысуы мүмкін және ауа температурасы 0-ден төмен болады деп болжанып отыр.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн суыды, мұнда да кей жерлерде жаңбыр жауады, жаңбырдың қарға ұласуы таулы аймақтарда ғана болады.