Басты бет / Жаңалықтар /
Күз
Фото: Updoc.site

29 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК мамандары 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады. Мамандардың мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, тек республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде жаңбыр жауады, көп өңірде жел күшейеді, түнгі және таңғы мезгілде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысында да жылдамдығы 15-20 м/с болатын, екпіні секундына 25 метрге жететін жел соғады.

Павлодар, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде де жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз