Басты бетЖаңалықтар"Қазгидромет" РМК...

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28-29 қыркүйектегі ауа райына болжам жасады

Синоптиктердің мәліметінше, 28 қыркүйекте Астанада жаңбыр жауып, секундына 20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында да жауын жауып, оңтүстік-батыс желі секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 25 метрге дейін жететіні айтылады.

28 қыркүйекте Қостанай облысының басым бөлігінде бөлігінде батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

28 және 29 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде батыс, оңтүстік-батыс желі күшейеді. Нақтырақ айтсақ, Петропавлда батыс және оңтүстік батыс желінің екпіні 25 метрге дейін жететіні айтылады.