Astana Media Week: бүгін digital forum өтіп жатыр

Астанада Astana Media Week медиаапталығы аясында Astana digital forum жұмысын бастады. Шараның ашылу шарасына ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мәуберлинова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Шара бағдарламасынан бұл саланың беделді сарапшыларының аты-жөнін көру — қуантарлық жайт. Сөз сөйлеушілердің тақырыптарына қарағанда, бүгін медиасекторды дамыту келешегі жайлы көптеген жаңа дүниені білеміз. Бізде мазмұнды әңгімелесу, сонымен қатар форумның экономиканы цифрландыруды дамыту және масс-медианы диджитализациялау тақырыптарын белсенді талқылау болады деп ойлаймын, — деді вице-министр.

Оның айтуынша, бұл салада бұқаралық ақпарат құралдарының диджитализациялануы, ақпараттық өнім жасауда жаңа әдістерді қалыптастыру жаһандық трендке айналып отыр. Бұл ретте аудиторияның да талаптарына сай болу қажет.

Меніңше, қазіргі заманғы масс-медиа дәстүрлі және жаңа БАҚ-ты біріктіруі тиіс, яғни расталған ақпаратты жедел жеткізуі керек. Бұған қоса, коммуникация үшін өзіндік платформа бола отырып, аудиториямен кері байланыс орнату да маңызды. Форум қатысушылары бұл тақырыпты да назардан тыс қалдырмайды деп ойлаймын. Бүгінде нарықтың белсенді қатысушылары жаңа digital-трендтерді өте жақсы сезінеді. Оларды қалыптастыруға қатысып, біздің шынайы өмірге бейімдейді. Біз өз тарапымыздан бұл процеске қолдау білдіріп, қажеттілігіне қарай көмек көрсете аламыз, — деді Нұргүл Мәуберлинова.

Айта кетейік, форум барысында digital-мамандар, бренд-менеджерлер, онлайн-кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері мен мемлекеттік орган қызметшілері цифрлық медиадәуірдің жаңалықтарын айтып, проблемаларын талқылайды.

ДереккөзInform.kz