Басты бет / Жаңалықтар /
метро, метрополитен
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматы метросында 2 жас жігіт төбелесіп қалды

Алматы метрополитенінде қозғалыстағы пойызда басталып, кейін станция платформасында жалғасқан жолаушылар арасындағы төбелеске қатысушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысқан екі азамат тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің нәтижесінде ұсталып, олардың үстінен жиналған материалдар сотқа жолданған.

Істі қараған сот екі азаматты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот шешімімен құқық бұзушылардың әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 86 500 теңге айыппұл салынды, — делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Алматы полиция департаменті қоғамдық көліктегі агрессия мен қоғамдық тәртіпті бұзу деректері ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Ведомствоның мәлімдеуінше, жанжалдың неден басталғанына қарамастан, қоғамдық тәртіпті бұзған әрбір адамның әрекетіне құқықтық баға беріліп, заң аясында тиісті жауапкершілік жүктеледі.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook