Басты бет / Жаңалықтар /
Олжас Бектенов
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бектенов Қашаған мен Қарашығанақтағы газ зауыттарының құрылысын апта сайын бақылауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында Қашаған, Қарашығанақ кен орындары мен Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыттарының құрылысын апта сайын бақылауға алуды тапсырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Үкімет басшысы газ саласын дамыту елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, экономиканың инвестициялық тартымдылығын арттыруда және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Оның айтуынша, Қашаған, Қарашығанақ және Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу қуаттарын іске қосу ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз етіп қана қоймай, мұнай-газ химиясы саласының дамуына серпін беруі тиіс.

Осыған байланысты энергетика министрлігіне, «Самұрық-Қазына» қорына және QazaqGaz компаниясына аталған нысандардағы құрылыс-монтаждау жұмыстарына апта сайынғы бақылау жүйесін енгізуді тапсырамын, — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр жаңа өндіріс орындарын іске қосу, инвестиция тарту және өнеркәсіп әлеуетін арттыру үшін газ инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын жеделдетудің маңызын да атап өтті.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram