Басты бет / Жаңалықтар /
вокзал, теміржол, пойыз
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жаңа лифт, эскалатор: Алматы-1 вокзалында не өзгереді?

Алматы-1 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 40%-ы аяқталды. Жобаға 500-ден астам маман жұмылдырылған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Көлік министрлігінің мәліметінше, қазір вокзалда құрылыс-монтаж жұмыстары тәулік бойы екі ауысыммен жүргізіліп жатыр.

Бүгінге дейін шатырдан жаңбыр суын ағызу жүйесі орнатылып, сыртқы демонтаж жұмыстары, сыртқы витраждар мен инженерлік желілерді жаңарту аяқталған. Сонымен қатар аралдық перрон платформасы салынып, электрмен жабдықтаудың уақытша желілері іске қосылған. Қазір нысанда шатырды монтаждау, металл қаңқаны күшейту, инженерлік желілерді, жылыту, желдету және автоматты өрт сөндіру жүйелерін орнату, сонымен қатар ішкі қабырғалар мен қалқаларды тұрғызу жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар вокзал заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Жоба аясында сыртқы және ішкі витраждар орнатылып, жаңа лифттер мен эскалаторлар, жылыту, желдету және ауаны баптау жүйелері іске қосылады, — делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, реконструкция аяқталғаннан кейін Алматы-1 вокзалының сәулеттік келбеті жаңарып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен жайлылық деңгейі артып, көлік инфрақұрылымына қойылатын заманауи талаптарға толық сәйкес болады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram