Еркеш Шәкеев: Менің ұлым Сафар жазатайым оқиға салдарынан қаза болды

«Мен, Еркеш Шәкеев, өзінің сүйікті тұңғыш ұлынан айрылып отырған отандасыңыз, БАҚ өкілдері (сонымен бірге, Youtube, Гугл және т.с.с.) мен кейбір азаматтарға өтініш айтқым келіп отыр. Мұны мен жақындарымды отбасымда болған қайғылы оқиғаның жанға психологиялық тұрғыдан ауыр тиетін салдарынан сақтандыру үшін жасап отырмын. Мен сіздерден барлық әлеуметтік желілерден жан түршігерлік видеоларды, репортаждар мен олардың астына қалдырған кей жағымсыз пікірлерді алып тастауларыңызды сұраймын», – деген музыкант отандастарынан адамгершілік танытып, оның өтінішін аяқ асты етпеуді сұрады.

«Мен әлі де адамдарды жақсы көремін, себебі өмір бойы өзімнің өмірлік мұратым мен тәрбиемнің арқасында өтірік емес, шынайы көңіліммен мұны жасап келдім. Өмірге жүректерді жылыту үшін және өмір жолын жеңілдету үшін келгеніме жан-тәніммен сендім», — деп жалғастырды сазгер.

Ол Сафарды іздестіру жұмыстарына атсалысқан, сонымен бірге бүкіл отбасына жылы сөздерімен, шынайы ықыласымен көмек қолын созған жандарға алғысын айтты.

«Сан түрлі болжамдарды болдырмау мақсатында, ұлым Сафар Шакеевтің жазатайым жағдайда қаза болғанын ресми мәлімдеймін. Себебі, ол жергілікті қауіпті жерлерді білмегендіктен, «Есентай» өзенінің ең қауіпті тұсына тап болған», — деп мәлімдеді Еркеш Шәкеев.

«Қоғамды менің отбасымның тағдырына деген алаңдаушылығыма құлақ аспаған азаматтар мен БАҚ-тарға қатысты белсенді азаматтық және ағайындық әрекет жасауға шақырамын», — деп қосқан Еркеш Шәкеев үндеуін қазақстандықтарға бақыт тілеумен аяқтады.

«Сіздердің ешбіріңіз мұндай қайғы көрмеңіз. Сіздердің менің ұлыма сыйлаған жан жылуы өз балаларыңызға қорған болсын! Алла отбасыңызды сақтасын! », – деп жазды ол.

Еске сала кетсек, атақты композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафар Шәкеев 16 шілде күні жоғалып кетіп, марқұмның мәйіті 28 шілдеде Алматыдағы Есентай өзінен табылған еді.

ДереккөзNur.kz