Басты бетЖаңалықтарБатыс Қазақстан...

Батыс Қазақстан облысында жомарт азаматтар марапатталды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу — шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деді. 12 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында «Жомарт жүрек — 2018» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өтті.

Басқосуда ауданның құрметті азаматы Кәрім Өтеғұлов «Нұрсай» кіреберіс жол белгісін орнатқан Тереңкөл орта мектебінің 1998 жылғы түлектеріне, Қарасу ауылындағы мектеп ауласын абаттандырған Қарасу орта мектебінің 1998 жылғы түлектеріне, Ғ.Молдашев және К.Меңдәлиев мектептеріне жарықдиодты табло орнатқан 2008 жылғы түлектерге, Қараөзен ауылында саябақты абаттандырған Қараөзен мектеп-лицейін 2008 жылы бітірген түлектерге, «Жаңажол» кіреберіс жол белгісін орнатқан Жаңажол орта мектебінің 1993 жылғы түлектеріне, «Менің жүрегім – Талдықұдық» композициясын орнатқан Талдықұдық орта мектебінің 2003 жылғы түлектеріне «Жомарт жүрек» сыйлығы мен алғысхат табыстады.

Мотивациялық медиажоба жетекшісі, «История успеха» журналының редакторы Альбина Байқонақова А.Құсайынов орта мектебінің ауласына орнатылған субұрқақ үшін А.Құсайынов атындағы орта мектептің ұжымына, «Қайыңды» кіреберіс жол белгісін орнатқан Қайыңды мектебінің 1998 жылғы түлектеріне, «Атамекенім – Қошанкөл» композициясын орнатқан Ғ.Бегалиев атындағы мектептің 1993 жылғы түлектеріне, «Менің жүрегім – Қарасу» композициясын орнатқан Қарасу орта мектебінің 2003 жылғы түлектеріне дәл осындай аталым мен алғысхат тапсырды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Рухани жаңғыру» өңірлік-жобалық кеңсесінің менеджері Гүлсім Ұсағалиева «Менің жүрегім – Әжібай» композициясын орнатқан Бірлік орта мектебінің 1998 жылғы түлектеріне, «Менің жүрегім – Көктерек» композициясын орнатқан Көктерек орта мектебінің 2008 жылы түлектеріне, балалар ойын алаңын сыйға тартқан Қараөзен мектеп-лицейін 1998 жылғы түлектеріне, Қазталов ауылындағы «Жеңіс» саябағына балалар ойын алаңын салған жеке кәсіпкер Светлана Ғұбашеваға құрмет көрсетті.

Аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев Көктерек ауылына балалар ойын алаңы мен саябақ салған аудандық мәслихат депутаты Руслан Сарбаевқа, Бостандықтағы «Өлкетану» музейін ашқан құқық қорғау саласының ардагері Ғинаят Салықовқа, Нұрсай ауылында «Мәңгі ұмытылмас есімдер» монументін орнатқан «Кеңдала» шаруа қожалығының жетекшісі Әбуғали Ғұмаровқа және тағы басқа марапат тапсырды.