14 қыркүйектегі ауа райы болжамы

Антициклонның әсерінен Қазақстанның  басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың солтүстігінде фронтал бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Кей жерлерде  жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауылмен бірге жел соғады, шығыста және оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа, 23-28 м/с-қа күшейеді.

Павлодар облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-25 м/с-қа артады.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болуы мүмкін.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус, ал Қарағанды облысында 1-6 градус ызғар болуы мүмкін.