Жаңбыр мен жел: 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мамандары 10 қыркүйек күнгі ерекше метеорологиялық құбылыстарға қатысты болжамын ұсынады. Мамандардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найғазай ойнайды. Батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың басым бөлігінде жел соғады. Оңтүстікте шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. Түнде және таңертең солтүстікте, орталықта және шығыста тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды,15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең тұман болады, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаң борайды. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні секундына 20 метрге жетуі мүмкін.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшті болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» РМК мамандары қай өңірлерде күн салқын болатынын, ал қандай өңірлерде жазғы ауа райы біразға дейін созылатынын хабарлаған еді.