Сахна сыртындағы қарбаластары тіптен қызық. Бірі киімдерін асығыc-үсігіc киіп жатса, екіншілері беттерін әрлеп жатты. Ал, топтың кенжесі Кенжебек Жанәбілов болса,ешкімге сенбейтіні көрініп тұр. Қымбат сахналық костьюмін  қасында отырған қыз-келіншектер емес, өзі үтіктеді.

Топ 15 жылдық мерейтойын шоу қылып өткізбесе де, жарқ-жұрқ еткен жарықтар мен дыбыс ұлғайтқыш техникалардың барлығын шет елден алдыртқан.

Сәкен Майғазиев, Әнші:

— Әже-аталарымыздың келетінін ескеретін болсақ,  ол кісілерге қатты дыбыс ылғайтқыштардың  сондай бір шоудың керегі жоқ.  Аспанан түсіп жердің астынан шығып, сондай бір көзге ұратын қатты жарықтардың қажеті жоқ деп өзіміз ұйғардық.

Кеште халықтың құлағында жатталып қалған хит әндер шырқалды. Олар: «Өз елім», «Жайлаукөл кештері»,  «Сүйкiмдiм», «Үшқоңыр», «Арман-ай» бар. Топты кеш бойы  МузАРТ ансамбльінен өзге белгілі  компазитор Ринат Гайсин және анау-мынау емес, симфониялық оркестр сүйемелдеп отырды.

«Есіңе ал» әні бастала салысымен, сахнаға топтың бұрынғы мүшесі Мақсат Базарбаев әуенге ілесе кеткенде, жиналған жұрт  ду қол шапалақтап, ерекше шаттыққа бөленді.

Көрермендер Музарттықтардың әрбір әніне қосылып шырқап отырды. Тіпті, бірде-бір рет  ән кешінен қалмайтын  көрерменде бар екен.  80-нен асқан ақсақал сүйікті әншілеріне гүл сыйлап, ақ батасын берді.

Кеште әншілерді қолдап келген  өнер жұлдыздарынан өзге белгілі әнші, сазгер әрі Мейрамбектің ұстазы Алтынбек Қоразбаевпен бірге Жүрсін Ерман да  келді. Олар әрине, төрден орын алған. Мерекелік концертте хит әндерден өзге су жаңа туындыларда орындалды. «Ұлы дала», «Сүйкімдім» және «Дариға-ай».

Мейрамбек Беспаев, Әнші:

— Жүректен жүрекке қонған әндер деп айту керек шығар. Өйткені, жаңа әндердің өзі бір аптадан кейін естен шығып кететін әңгімелерді естиміз, көзіміз көріп жүр. көп орындаушылардан да естиміз, ғұмыры ұзақ емес әндерді.сондықтан біз өлмейтін , өшпейтін әндер деп айтқанымыз дұрыс шығар.

Жиналған көрерменмен ашық- жарқын әңгіме құрған Музарттықтар біраз сырымен бөлісті.

Ал, ән қоржынындағы «Әттең-ай» әнін орындағанда залдағы көрермен  мұңая қалды. Себебі, ән өмірден озған қазақ өнерінің майталман азаматтарына арналған. «Балалық шақ» атты ән орындағанда  өнер иелері өз балаларын көрсетті.

Дереккөз31 арна

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!