«Қазгидромет» кәсіпорны 30 тамыз бен 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Мамандардың мәліметінше, қазір күнтізбелік жаз аяқталып жатыр, қазақстандықтар оны тамыздың соңғы күндері сезінеді.
Болжамға алынған кезеңде Қазақстан аумағы арқылы Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан суық атмосфералық фронттар жылжиды. Оның артынан суық және көлемді антициклон тарала бастайды. Сондықтан республиканың көптеген облысында 30-31 тамыз күндері жаңбыр жауады.
Шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында кей жерлерде толассыз жаңбыр жаууы мүмкін. Жаңбыр антициклонның таралу шамасына қарай тоқтайды, ал температура төмендейді: солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндізгі температура 15-23 градус жылыдан 8-15 градусқа дейін, ал түнде 2-7 градус жылыға дейін, оңтүстік-шығыста күндіз 18-25 градус жылыға дейін төмендейді. Тек батыс және оңтүстік облыстарда күндізгі температура 27 градустан 34 градусқа дейінгі жазғы жылылық деңгейінде қала береді және ауа райы жауын-шашынсыз болады.
