31 тамызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» хабарлауынаша, Солтүстік Қазақстан облысында жел тұрып, кей жерлерде жел екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады және бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей аймақтарында найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетуі ықтимал.

Қостанай және Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с-қа күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді.