29 тамыз күні ауа райы қандай болады?

“Қазгидромет” 29 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады және екпінді жел тұрады. Еліміздің орталық және шығыс бөлігінде бұршақ жаууы мүмкін, ал оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстікте, орталықта және шығыста тұман түседі. Ал Қазақстанның батысында ауа райы әдеттегідей жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында да түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ал Алматы мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с-қа күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Түркістан облысында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде де 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында дала өрті қаупі күшті болады.