Қазақстанда күзгі суық басталады

«Қазгидромет» 28-30 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті. Мамандардың мәліметінше, Қазақстан аумағында атмосфералық фронттары бар жоғарғы циклон орналасады.

Соның әсерінен алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады.

«Климаттық нормадан 2-3 градусқа төмен күзгі салқын ауа температурасы солтүстік және орталық облыстарда сақталады, ал шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста суық атмофералық фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы төмендейді және нормадан 1-3 градусқа төмен болады», — делінген хабарламада.

Қазақстанның батысында және оңтүстік-батысында ғана антициклон тарамының және  Кіші Азия аймағынан ыстық ауа әкелетін тропосфералық ағындардың әсерінен күн ыстық және жауын-шашынсыз болады, ең жоғарғы температура плюс 28-35, кей жерлерде 40 градус болады.