Басты бет / Жаңалықтар /
024e08563398ae21e9b0d23040ade4c1 Атырауда 91 метрлік тутұғырдың кұрылысы басталды
Фото: Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырауда 91 метрлік тутұғырдың кұрылысы басталды

Флагшток жобасын Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев биылғы ақпан айында халыққа есеп беру кездесуінде таныстырған болатын.
Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, тутұғыр Жангелдин және Құлманов көшелерінің қиылысындағы ауданы 112 шаршы метр болатын жаңа алаңға орналастырылады. Тутұғыр кешенінің аумағы — 57 шаршы метр, биіктігі — 91 метр.
d4360f82d4f18f23a5bc99ae1f65279f Атырауда 91 метрлік тутұғырдың кұрылысы басталды
Нысанның екі жағына екі фонтан салынады. Олар бес деңгейден тұратын каскад түрінде жасалады.
Тутұғыр облыс орталығының барлық жағынан көрінетін ең биік құрылыс болатыны сөзсіз.
Құрылыс жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдары есебінен қаржыландырылған. Нысан орналасатын жер телімі мемлекет меншігінде.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok