Азиада-2018: Мария Дмитриенко рекорд жаңартты

Бұл туралы ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мария Дмитриенко «трап» категориясында рекордтық 119 ұпай жинады. Ливаннан келген мерген де дәл осындай нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, «трап» бағдарламасы бойынша ерлер арасында сынға түсіп жатқан  қазақстандық Виктор Хасянов финалда өнер көрсетеді.

Осыған дейін Азия ойындарының алғашқы күні қазақстандықтар бір алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.