Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Түнде және таңертең солтүстіктің кей жерлерінде тұман түседі.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде де жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл болады.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.
Қызылорда облысында, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшейеді.
«Қазгидромет» мамандары 8 тамыз күнгі ауа райына қатысты Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Атырау облыстарында төтенше ескерту жарияланғанын да хабарлайды.
Күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 40 градус ыстық болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде батыстан соққан желдің жылдамдығы 18-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, батыстан соққан желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы 37 градусқа дейін жоғарылайды.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріледі, батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы найзағай кезінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыс орталығында күндіз күн күркіреп, шаңды дауыл тұрады.