7-9 тамыз күндері елімізде қатты ыстық болады

7-9 тамыз күндері республиканың басым бөлігінде қатты ыстық болады, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, жел соғады, батыста және солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, температураның негізгі фоны 27-35 градус нөлден жоғары болады, оңтүстікте және батыста күн 40 градусқа дейін ысиды.

Таймыр түбегінен жететін салқын және ылғал ауаның әсерінен еліміздің батысында және солтүстік-батысында 9 тамызға қарай ыстықтың беті қайтады, күндізгі температура 20-28 градусқа дейін төмендейді.

7 тамыз күні Жамбыл облысында 35-40 градусқа дейін қатты ыстық болады. Таразда ауа температурасы 36-38 градусқа дейін жоғарылайды.