Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ауғанстан еліміздегі Small мен Magnum-ға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді

Фото: Нұрназар Әмзе

Не болды?

Ауғанстан еліміздегі Small мен Magnum-ға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Кабулға сапары барысында Ауғанстан премьер-министрі Мұхаммед Хасан Ахундпен және премьер-министрдің орынбасары Абдул Гани Барадармен кездесті. Кездесуде министрлер екі ел арасындағы сауда-саттықты арттыру мәселесіне назар аударып, Қазақстандағы Small және Magnum сияқты ірі сауда желілеріне Ауғанстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу туралы келісімді бекітті. Қазақстан өңір елдері арасында бірінші болып, Ауғанстанға ұлттық сауда желісі арқылы өнім жөнелтуді ұсынды.

Ұлттық сауда желісі арқылы анар, жүзім, өрік, қара өрік, қарбыз, қауын, ерте көкөністер, жаңғақ, басқа да жеміс пен көкөністерді жеткізуге болады. Сондай-ақ, Қазақстан тарапы Ауғанстанға ұн жеткізу көлемінің артқаны туралы айтты, — делінген хабарламада.

Мұхаммед Хасан Ахунд Қазақстан делегациясын жылы қарсы алып, ауған халқына қолдау көрсеткені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты.

Контекст

Естеріңізге салайық, Астанадағы дүкендерде қой еті мен сүт өнімдерінің бағасы көтеріліп, майлылығы 2,5% сүттің литрі 385 теңгеден 468 теңгеге жеткен. 

Мақалаға реакция