Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанда алғаш рет вирустан таза алма көшетіне арналған бақ ашылды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Не болды?

Қазақстанда алғаш рет вирустан таза алма көшетіне арналған бақ ашылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде вирустан таза алма көшетін өндірудің ғылыми жүйесін қалыптастыруға бағытталған 2024–2026 жылдарға арналған алғашқы жоба жүзеге асып жатыр. Жобаның мақсаты – бау-бақша шаруашылығын дамытып, көшеттің сапасын арттыру және импортқа тәуелділікті азайту. Бұл жоба Қазақстандағы алма сорттарын заманауи биотехнология әдістері арқылы вирустан арылтып, сапалы көшет қорын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ғалымдар ғылыми және өндірістік бау-бақшада алма сортында вирустың бар-жоғын анықтау үшін зерттеу жүргізді. Нәтижесінде «Жетісу 5», «АРМ-18», «Б-16-20», «Б-7-35» деген отандық алма бағбандары «Айнұр», «Салтанат» және «Восход» секілді алма сорттарын вирустан толық тазартты. Сонымен қатар Нидерланд Корольдігінен әлемдік нарықта сұранысы жоғары 7,9 мың түп және шетелдік 2,2 мың түп алма көшеті келді, — делінген хабарламада.

Қазақ жеміс, көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Талғардағы филиалында еліміздегі алғашқы вирустан таза аналық алма бағы құрылды. Аумағы — 0,5 гектар. Қазір мамандар бақтың аумағын 1,5 гектарға дейін кеңейту үшін көшеттер дайындап жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, жыл басында Алматының апорт алмасы шетелге экспортталған еді. 

Мақалаға реакция