Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

180 млрд теңгеге тас жолда қызмет көрсететін стансалар салынады

Фото: Qazaqstan.tv

Не болды?

180 млрд теңгеге тас жолда қызмет көрсететін 250 станса салынып, 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Үкіметтің мәліметіне қарағада, 2030 жылға дейін халықаралық және республикалық маңызы бар тас жол бойында қызмет көрсетуге арналған 250 станса салынады. Көлік министрлігі мен Car Park Transformer ЖШС жол бойында қызмет көрсететін стансалар салуға инвестиция бөлу туралы келісімді мақұлдады. Бұл қаулыға премьер-министр қол қойды. Инвестиция көлемі — 179,5 млрд теңге.

Жаңа стансаларда санитариялық-тұрмыстық үй-жай, сауда және қызмет көрсету пункі, электрмен жүретін көліктерге арналған қуаттау орны мен күн энергиясын өндіретін қондырғылар болады. Жоба аясында 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады, — делінген хабарламада.

Қазір елімізде халықаралық және республикалық маңызы бар тас жолдардың бойында қызмет көрсететін 1 428 нысан жұмыс ісеп тұр

Контекст

Естеріңізге салайқы, 12 мамырдан 12 шілдеге дейін күнде сағат 06:00-20:00 аралығында 1121–1177 шақырымдағы Күрті – Шабыт тас жолы мен 1194–1209 шақырым аралығында «Астана – Қарағанды – Алматы» тас жолы бойында көлік қозғалысы шектеледі.

Мақалаға реакция