Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

172 млрд теңге: Қытай инвесторлары Түркістан облысына тау шаңғысы кластерін салады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Не болды?

Қытай инвесторлары Түркістан облысына 172 млрд теңге инвестиция құйып, тау шаңғысы кластерін салады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына барып, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экотуризмді дамыту мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өткізді. Іс-шараға еліміздегі және шетелден келген 50-ден астам инвестор қатысты.

Экотуризмді дамыту аясында Төлеби мен Түлкібас аудандарында халықаралық стандартқа сай туристік кешендер салынады. Көшпелі кеңеске қатысушылар:

  • Біркөлік шатқалында экологиялық туризмді дамытуға арналған демалыс аймағын ашуды;
  • Қасқасу шатқалындағы туристік кешен салуды;
  • Сайрамсу шатқалында туристік инфрақұрылым қалыптастыруды талқылады.

Инвесторлар KASKASU халықаралық тау шаңғысы кластерін салу жобасымен танысты. Жобаны Қазақстан мен China Construction Sixth Engineering Bureau Corp.LTD деген компания бірлесе жүзеге асырады. Инвестиция көлемі — 172 млрд теңге.

Бізге әдемі эскиздер емес, нақты нәтиже қажет. Сондықтан әрбір жоба бойынша міндеттер мен жүзеге асыру мерзімі нақты белгілену керек. Егер инвестор өз міндетін орындамаса, жер мемлекетке қайтарылады, — деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Контекст

Естеріңізге салайық, Орталық Азиядағы ең үлкен аквапаркіні Түркістанда Қытайдың Qingdao Wanlin компаниясы салып жатыр.

Мақалаға реакция