Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктердің хабарлауынша, 10-11 мамырда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында 10-11 мамырда солтүстік-шығыс желі (15-20 м/с) күшейеді, кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл болады. Бұршақ түсуі ықтимал. Бұдан бұрын хабарланғандай, бейсенбі, 10 мамырда республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс және орталықта ауын-шашын болмайды.