Ақмола облысында жолдарды су басып жатыр

Атбасар-Сочинское бағытындағы жолда да бірнеше күннен бері осындай жағдай қалыптасқан. Алайда мамандар «бұдан қауіп жоқ», – дейді. Себебі, кейбір жерлерден көлік өте алатын болса, енді бірінде ауылдарға баратын қосымша жолдар бар екен. Сондай-ақ аймақта аулаларды су басу жағдайлары да көптеп кездесуде.

Аталған елді мекендердің көбісінде жолды су шаю деген жылда қайталанатын жағдай, — деді облыстық ТЖД бөлім жетекшісі Олег Малюк.

Сондықтан ауыл халқы бұған ерте қамданған. Яғни негізгі жолдың уақытша жабылуынан халық аса қатты қиындық көріп отырған жоқ. Ал аулалардың су басуына тұрғындардың өздері кінәлі деседі. Себебі көктемде үйдің маңайы қардан жақсылап тазартылуы керек.

Елімізде жолдарды ақылы ету жұмыстары МЖӘ негізінде жүзеге асуы мүмкін. Енді сапасыз лифтілер үшін жауапты тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Дереккөз24.kz/kz