6 тамыз күні ауа райы құбылмалы болады

Еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін.

Қызылорда облысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола облысының кей жерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысында түнде тұман болады, күндіз жел 18 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерінде найзағайлы жауын жауады, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді,

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай болады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге үдейді. Ақтөбе, түнде Атырау облыстарында да найзағай болады.

Маңғыстау облысында күндіз кей жеррде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында түнде және таңертең кей жерде тұман болады.

Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.