4 тамыз күнгі ауа райы: жел, жауын, бұршақ

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел соғып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы, Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарында жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық  күтіледі.