Елдің батысы мен оңтүстігіндегі бірқатар ауданда шаңды дауыл көтеріледі. Дегенмен батыста, оңтүстік пен солтүстікте күн ашық болады.
Жамбыл облысының бірқатар аймағында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қарағанды облысында жел тұрып, бұршақ жауып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде және күндіз кей жерлерде тұман түседі.
Алматы облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 18-23 метр болады.
Түркістан, күндіз Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с болады. Түнде және таң ата тұман түсуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының бірқатар ауданында бұршақ жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжанады.
Павлодар, Қостанай облыстарында түнде және таң ата тұман түседі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында күн ысиды, кей жерлерде аптап ыстық болады.
Маңғыстау облысында да аптап ыстық болады, кей жерлерде тым қатты ысиды. Ақтөбе облысында да күн ысиды.
Маңғыстау, Атырау облыстары мен Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында күн ерекше қатты ысып, өрт қаупі туындауы мүмкін.