Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа райы нашарлайды

Жайсыз ауа райы мен ауаның ластануы Ақтау қаласында байқалады. Оралда да ауа райы жайсыз болады.

Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен қалаларында ауа райы қалыпты болмақ.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның жерге жақын орналасқан қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Дереккөзbaq.kz