Ақ шарбы бұлттар

Аспандағы бұлттар бүгінгі күннің ауа райын анықтаушылар. Егер аспан ақ шарбы бұлттарға толы болса, онда жаңбыр болмайды. Шарбы бұлттар инеге, қауырсындар мен мұз кристалдарына ұқсайды. Мұндай бұлттар жерде жаңбырды болғызбайды. Сондықтан жақсы ауа райына үміттене берсеңіз болады. 

Егер шарбы бұлттар қалыңдап, төмен қарай түсіп аспанның бір бөлігін қамтыса, онда олар шарбы будақ бұлттарға айналады. Мұндай бұлттар қозының жүніне ұқсап тұрады. Олар ауа райының күрт жылынуын және бірнеше сағаттан соң жаңбырдың болатынын білдіреді. 

Бұлттар одан да төмен түссе, олар шарбы қазбауыр-қабатты бұлттарға айналады. Олар аспанға таралған жұқа парақтар сияқты көрінеді. Мұндай бұлт ұзаққа созылған жаңбырдан 12-24 сағат бұрын пайда болады. 

Ұшпа бұлттар

Ұшпа бұлттар – мақтаға қатты ұқсайды. Олардың ішінен жаңбыр өтпейді, яғни ауа-райы жақсы болады деген сөз. Бірақ осындай бұлттарды көрген болсаңыз, қуануға әлі асықпаңыз. 

Ұшпа бұлттар күннің күркіреп, жаңбырдың алдағы 8 сағатта өтуі мүмкін екенін көрсетеді. Бірақ егер ұшпа бұлттар кішкентай болса немесе кешке жоғалып кетсе, ауа райы жақсы және тұрақты болады. 

Бәлкім сіз аспанда шашыраған кішігірім жүн тәрізді бұлттарды көрген шығарсыз. Олар – биік будақ бұлттар. Суреттегідей аспанды көрген болсаңыз, қолшатырыңызды ала шығыңыз. Себебі бірнеше сағаттан кейін, жаңбыр жауып, дауыл басталады. 

Қабатты бұлттар

Қабатты бұлт – тұман  және барлық аспанды көмкеріп тұрған сұр жамылғы тәрізді бұлт. Мұндай бұлттар өте жұқа келеді. Бірақ көмескілігіне қарамастан, олардан жаңбыр өтеді. Қабатты бұлттар жақсы және жылы ауа райының басталуына дейін пайда болады. 

Жауын бұлты

Бұл жерде бәрі түсінікті сияқты: егер бұлттар қара-сұр болып тұрса, жаңбыр жауады деген сөз. Бірақ осы сәтте бұлттардың түсіне назар аударыңыз. Түстерінің қанықтығына қарай олардың қандай бұлт екенін анықтай аласыз: 

  • Қара бұлт – қатты желсіз жаңбыр жауатынын білдіреді.
  • Қоңырқай бұлт – жаңбырдыңқатты желмен жақындауын көрсетеді.
  • Көк бұлт көбінесе үлкен аймаққа көшеді, сондықтан олар жеңіл, бірақ созылмалы жаңбырды болжайды.

Енді терезеден бұлттарға қараңызшы. Олар қандай болып тұр? 

Аударған Еңлік Сақтан