Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады

Фото: Socimage.net

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, түнде және таңертен Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, бұршақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болады, найзағай, дауыл, тұман  күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды, түнде Атырау, Қызылорда, күндіз Манғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Қарағанды, күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Қостанай, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі күшейеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *