4 маусым: Жаңбыр жауып, тұман түседі

Тек республиканың батысында және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/ күшейеді, найзағай, тұман болады, Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ түсуі мүмкін.

Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, найзағай ойнайды.

 Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді, кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, желдің екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде найзағай, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында өте жоғары өрт қаупі бар.