«Қазгидромет» РМК-нің ақпараты бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, екпіні 23-28 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетсе, жекелеген аудандарда ол одан сайын өршеленіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола облысында түнде кейбір аймақтарда жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, күндіз елдің басым бөлігінде 15-20 метр, ал екпіні 23-28 метр болады.
Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні секундына 25 метрге жетеді. Кейбір аудандарда шаңды дауыл көтеріледі.
Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Атырау облыстарының бірқатар аумақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Бұршақ жаууы да мүмкін.
Ақтөбе облысының бірқатар аумақтарында жел секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз кейбір жерлерде бұршақ жауады.
Қарағанды, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таң ата бірқатар аймақтарға тұман түседі.
Маңғыстау облысының бірқатар аймақтарында өрт қаупі туындауы ықтимал.