Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Дегенмен елдің батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Қарағанды, Солтүсік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан жоғары болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да жоғары болуы ықтимал.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с болады. Соның салдарынан дауыл, шаңды дауыл соғады деп болжанады.

Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі болуы мүмкін.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, сондай-ақ дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градуска дейін үсік жүреді.

Дереккөзbaq.kz