Астана қаласының 20 жылдығына арналған іс-шаралар тегін өтеді

Tvil.ru туристік сервисінің айтуынша, Астана ТМД елдеріндегі ресейлік туристер арасында жаздық экскурсия және мәдени демалыс үшін көшбасшы қала болған.

Қалалық әкімдіктің ақпараты бойынша, 28 мен 30 мамырда астана тұрғындары мен қонақтарына арналған тегін іс-шара ұйымдастырылады.

28 мамыр 

  • «Вечная иллюзия» көрмесі, 

Өтетін орны: Тұңғыш Президент кітапханасы

  • «Астана BOOM» балмұздақ жәрмеңкесі

Өтетін орны: «Жастар» сарайы

29 мамыр

  • отандық және ресейлік эстрада жұлдыздары қатысатын ашық аспан астында өтетін Open Air «Ұлы Дала Бірлігі» концерті

Өтетін орны: «Қазақ елі» монументі алаңы

30 мамыр:

  • Дж. Верди «Травиата» операсы 

Өтетін орны: «Астана Опера»

  • Есіл өзені бойынша су экскурсиясы

Өтетін орны: Есіл өзені жағалауы