Геннадий Головкин WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Golden Boy Promotions компаниясынан Альварестің орта салмақтағы WBC тұжырымынан бас тартатыны жайлы шешімінің ресми түрде растауын алды. Осылайша Головкин WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

«Бүгін көп ойланғаннан кейін мен Golden Boy Promotions командасына Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге келіссөздерді жалғастыруды тапсырдым және келісімді тезірек аяқтауды сұрадым. Ал WBC-ке атақты босататынымды хабарладым. Мен Головкинмен жекпе-жекке шығып, оны жеңемін, бірақ менің жекпе-жекке шығуыма уақыт шектеу қойылмайды. Енді уақыт таямайтын жағдайда екі команда келіссөздерді жүргізе алады және мен Головкинмен тезірек рингке шығамын да жанкүйерлеріме қалауын беремін», — деп мәлімдеді «Канело».