«Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағына антициклон ықпал етеді. Ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның батысында Кіші Азия аумағынан ауа ағыны жылжып, ауа температурасы +30…+35 градусқа дейін көтеріледі», — делінген хабарламада.
Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда сенбі және жексенбі күндері түнде суық болады. Алайда, жексенбі күні күндіз ауа температурасы +25+30 градусқа дейін көтеріледі.