30 жылдың ішінде адамның дене мүшелері сатылатын дүкендер ашылуы мүмкін

«Өткен күні кешкісін америкалық телеарнаны көріп отырып, ғаламшарда ешқандай да интеллектуалды өмір жоқ детиыннан ген қорытындыға келдім. Бірақ, таяу 30-100 жылға барынша үмітпен қараймын және неліктен екенін де түсіндіре кетейін. Келесі 30 жылда компьютерлік чип бір да арзан болады. Компьютерлік билік электр энергиясы сияқты барлық жерде болады. Іс жүзінде «компьютер» сөзі ағылшын тілінен жойылады», — деді ол.

Оның атап өтуінше, алдағы 30 жылда компьютерлік чиптардың көмегімен тіпті көзге тағатын линза арқылы да интернетке қосылуға мүмкіндік туындайды.

«Мұндай көзге тағатын линзаны ең бірінші кімдер сатып алады? Соңғы емтихан тапсыратын студенттер сатып алады. Олар көзін ашқан кезде линзадан өзіне қойылған сұрақтың барлық жауабын көреді. Адамдар линзадан өзге адамдардың айтқан сөздерінің аудармасын көреді. Сіздің линзаңыз кез келген тілді аударып беретін болады», — деді Митио Каку.

Оның сөзіне қарағанда, медицина саласында да чиптер жаппай енгізіледі. Чиптар тегін болады. Адам өмірі де ұзара түсіп, дене мүшелері сатылатын дүкендер ашылады. Адамдар дене мүшелерін алмастыруға қол жеткізеді.

«Біз қазірдің өзінде жасанды тері, көз, мұрын жасап жатырмыз. Келесі ғасырда барлық мүшелер зертханада өсіріледі. Келесі мүше біздің бауырымыз болады. Адамның бауыры болашаққа зертханаларда өсіріле бастайды», — деді ол.

Дереккөзkazinform.kz