Головкин Альварес

Мозли бұл ақпараттың рас екеніне күмән келтірмеңдер дейді. Алайда, өзінің кімнен естігендігін айтқан жоқ.

«Канело және GGG — 17 қыркүйекте! Бұл уақытта аталған жекпе-жекке бәсекелесе алатын өзге кездесулер болмайды деп үміттенемін. Бұл — жыл жекпе-жегі. Golden Boy Promotions, жақсы жұмыс істедіңдер», — деп жазды Мозли өз парақшасында.

«Сіздер “Канело” мен GGG арасында келісім туралы естімедіңіздер ме? Келіссөздер аяқталды. Сіз оны дәл осы жерден бірінші болып оқып отырсыз. Менің жекпе-жегім 28 мамырда. “Канело” мен GGG кездесуі 17 қыркүйекте», — деп атап өтті Мозли.

Естеріңізге салайық, Сауль Альварес өткен аптада WBC титулын қорғау үшін британдық боксшы Амир Ханмен жұдырықтасып, алтыншы раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Енді ол келесі жекпе-жегін Геннадий Головкинмен өткізуге міндетті. Егер бас тартса WBC қауымдастығы чемпиондық белбеуді одан тартып алады. Қауымдастық қос боксшының келісім жүргізуіне небәрі 15 күн уақыт берген.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!