«Алдағы күндері суық арктикалық ауа ағындары күн райының салқындауына әсер етеді. Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жаңбыр, солтүстік және орталық облыстарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды. Бірнеше күннен кейін антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауысып, республиканың барлық аумағында ауа температурасы жоғарылайды. 9 мамырда көптеген облыста күн жылынып, жауын-шашын болмайды. Тек Қазақстанның қиыр солтүстік аудандарында 8-9 мамырда жаңбыр жаууы мүмкін», — деп жазылған хабарламада.