Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қостанай, Ақмола облыстарында кей жерлерінде найзағай, тұман болып, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында бұршақ болуы ықтимал. Күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с жетеді.
Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында түнде тұман түседі. Ақтөбеде күндіз, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, түнде Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.