Тоқаев: Халыққа жердің шетелдіктерге сатылмайтынын түсіндіріп қою жеткіліксіз

«Қазақстанда ауыл шаруашылығы қызметіне пайдалануға болатын айтарлықтай шаруашылық жерлері сақталып отыр. Өндірістік айналымға қосымша ондаған миллион гектар жерлерді қосуға болады. Осыған байланысты үкімет мүшелері, заң шығарушылар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері үшін қоғамға Жер кодексіне енгізілген түзетулерді түсіндірудің ауқымды әрі маңызды жұмыстары күтіп тұр. Бұл ретте ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайтынын түсіндіріп қою жеткіліксіз. Біз әртүрлі айла-тәсілдер схемасын қолдана отырып, заңның осы талабын айналып өтуді болдырмайтын құқықтық және басқа да құралдар арқылы осынау маңызды ережені жүзеге асыруға тиіспіз. Ең бастысы елбасының жерге қатысты ұлттық юрисдикциясына қатысты және жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру туралы тапсырған міндетін жүзеге асыруға тиіспіз», — деп атап өтті сенат спикері.

ДереккөзҚазАқпарат