Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның көптеген...

Қазақстанның көптеген қалаларында ауа сапасы нашарлайды

Болжамға сәйкес, Алматы, Астана (күндіз), Атырау, Балқаш, Қостанай,й, Көкшетау, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Ақсай, Орал, Шымкенттегі метеожағдайлар атмосферадағы ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді. Ал, Ақтау, Жаңаөзен, Ақтөбе, Астана (түнде), Қарағанды, Теміртау, Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалаларындағы метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді. ҚМЖ — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Дереккөзkazhydromet.kz