Головкиннің алдағы уақыттағы жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

Оның айтуынша, Головкин 5 мамырда жекпе-жекке шықпайды.

«Негізінде мен оның өзінен санаты төмен боксшымен жұдырықтасуына қарсымын. IBF өз ережелерін қатаң сақтайды. Олардың оған құқығы да бар, алайда GGG нағыз чемпион. Олар Головкинге жеке дара жағдай жасап беруі мүмкін. Менің ойымша Головкиннің келесі жекпе-жегі тек қыркүйекте өтеді. Оның қарсыласы Билли Джо Сондерс немесе Сауль Альварес. Головкинге PPV сатылымдары қажет. Табысқа кенелу үшін тек осы екі боксшымен шаршы алаңға шығу арқылы жетуге болады. Орта салмақтағы басқа қарсыластар ондай аудитория жинай алмайды», — дейді Гемичи.

Сонымен қатар, Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер 5 мамырға белгіленген жекпе-жек туралы неліктен нақты бір үндеу жарияланбай жатқанын түсіндірді.

«Барлығы да өзгеріп сала беруі мүмкін. Қазіргі уақытта бірдемені растап не жоққа шығара алмаймыз. Үндеу жариялайын десек, жағдай тым қиын болып тұр. Головкиннің жекпе-жектері бұл әрдайым кең ауқымды шара, сол себепті кез келген нәрсені алдын ала ойластыру керек. Бізде уақыт тым аз. Барлығын шешіп, жекпе-жек ұйымдастырамыз дегенге сенемін», — дейді Леффлер.

Осыған дейін, 5 мамырда Головкин MGM Grand аренасында мексикалық Хайме Мунгиеймен (28-0, 24 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін екені айтылды.

Сонымен қатар Головкиннің командасы ирландиялық Гэри О’Салливанның (27-2, 19 КО) кандидатурасында қарастырып отыр. 4 сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда «Канелоның» орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5 мамыр күніне Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің өтпейтіні белгілі болды.

Дереккөзbaq.kz