Геннадий Головкин 35-ші жеңісін Назарбаевқа арнады

«Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізді Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясының ашылуымен құттықтаймын. Мен «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде сіздің берген тапсырмаңызды орындағанымды қуана хабарлаймын. Бұл жеңісімді Сізге арнаймын Нұрсұлтан Әбішұлы. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз болып қала берсін. Сізге зор денсаулық, амандық тілеймін», — деп Геннадий Головкиннің хатын оқып берді сессия барысында ҚХА төрағасы орынбасарының бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, 24 сәуір күні Лос-Анджелес қаласындағы «The Forum» аренада отандасымыз Геннадий Головкин америкалық боксшы Доминик Уэйдті 2-раундта нокаутқа жіберіп, 35-ші жеңісіне қол жеткізген болатын.

ДереккөзBnews