11 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады.  Тек батыста және оңтүстіктің кей жерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, оңтүстік шығыста бұршақ болуы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде көктайғақ болады, бұршақ болуы ықтимал, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғады, шаңды  дауыл болады.

Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Дереккөзkazhydromet.kz