Қазақстандық Дидар Мұқатай «Салют талантов» байқауында І орынға ие болды

25-28 наурыз аралығында Астана қаласында өткен ХІІ «Ақ көгершін» Халықаралық балалар шығармашылығы байқауына Алматы облысының жас таланттары қатысқан болатын. «Дәстүрлі ән» номинациясымен Қаратал ауданынан Серікхан Айбота ІІ орынды және «Хореография» номинациясымен Ескелді ауданынан «Аяна» би ансамблі І орынды иеленді.

Бас жүлдені алған Дидар Мұқатай Францияның Париж қаласында өткен Халықаралық «Салют талантов» байқауында І орынға ие болды.

«Осы халықаралық байқауға жолдама алу үшін біраз тер төктік. Себебі, бірінші Республикада іріктелініп, кейін Парижде өтетін байқауға жолдама алдым. Барша қазақстандықтардың үмітін ақтау мен үшін оңай болмады. Алайда еңбегіміз ақталып, елге жеңіспен оралдық. Ең бірінші алғысымда жаратушымызға кейін білім берген ұстаздарыма айтамын», — деп қорытындылады «Салют талантов» байқауының жеңімпазы Мұқатай Дидар.