БАҚ: Головкинге екі боксшымен қатар кездесуді бастау керек

Конелиус Бандрич, 154 фунттағы әлем чемпионы: «GGG – құбыжық. Қаш, «Канело», қаш!».

Стив Ким, спорт комментаторы: «Бүгін «GGG-Wade» кешін тамашалау үшін «Форум» аренада 16,353 көрермен жиналды. Бұл — нысанды қайта іске қосудан кейінгі ең үлкен аудитория»

Рози Перес, журналист: «Сайтан алғыр, GGG-мен бәсекелес боксшы бола ма, жоқ па? Қазіргі боксшыларға қарасам, олардың барлығы «BigDramaShow»-дан қорқатын сияқты»

«Ринг» журналы: «Екінші раундта GGG Уэйдты екі рет құлатты. Бұл — жекпе-жектің соңы! Тым көп қуат! Тым көп күш!»

Stephen A Smith, репортер: «Біздің естуімізше, келесі кезекте — «Канело». Бірақ оған ол жекпе-жек керек пе? Меніңше, «Канело» бұл жігітпен кездескісі келмейді»

Жанкүйер: «2 раундтық жаншудың ең қызықты жері – Головкин Уэйдке өзіне соққы жасауға мүмкіндік берді…10-ақ секунд»

RoundByRoundBoxing ‏#RBRBOXING: «GGG-дің кезекті рет серуен құруы. Уэйдке өзін ұруға мүмкіндік берді. Не үшін? Артынан оны жою үшін»

JRSportBrief (‏@JRSportBrief): «GGG-ге екі қарсыласпен қатар бокстасуды бастау керек»

Лэнс Пагмайер, Los Angeles Times-тің спорт репортеры: «Маурисио Сулейманның айтуынша, GGG мен «Канело» арасындағы жекпе-жек басты назарда. Бірақ мамырдың 7-сін – «Екінші бөлімді» күту керек. Ол Головкиннің міндетті үміткер екенін айтып, онымен келісімшарт жасасуға 30 күн берілетінін хабарлаған»

‏Олег Овечкин, UCNLive — Pack Pistol Pazzy сарапшысы: «Головкин әлі күнге дейін ТОР-10-ға кіретіндерді көше клубы деңгейіндегі боксшыларға айналдырып жүр»

ДереккөзBAQ